2022 жылғы 11 ақпанда сағат 11.00-де онлайн режимде ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Уәкілетті органның шақыруы бойынша Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбай осы отырысқа қатысты.
Заң консультанттарының қызметін реттеу мәселелеріне қатысты Әділет министрі Қанат Сергейұлы Мусин адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заң нормаларын түсіндіруге әр түрлі тұрғыдан келу, оның жекелеген ережелерін заң консультанттары жақтайтындар мен жақтамайтындарға бөліп, дағдарыс тудырғанын атап өтті.
«Дегенмен, дағдарысқа себеп жоқ екенін ерекше атап өткім келеді. Күшіне енген Заң заңгерлік қоғамдастықтың барлық өкілдері үшін бірдей және барлығына жұмыс жасауы мен дамуы үшін тең жағдай жасайды. Республикалық заң консультанттары алқасына кірген палаталардың да, оның мүшелері болып табылмайтындар үшін де ешқандай ерекшелік немесе артықшылық болмауы тиіс. Бұл жерде біржолата тәртіп орнатылады», - деді Қанат Мусин.
Министрдің айтуынша, түсіндіру жұмыстары мен құқықтық насихатқа жаңа серпін беру керек. «Практика көрсеткендей, халықтың құқықтық сауаттылығы өте төмен деңгейде қалып отыр. қатардағы адам үшін заң қызметтердің қымбаттығымен және қол жеткізудің шектеулі болуымен астасқан өз құқықтарын қорғау тәсілдері туралы дәл осы қарапайым әрі түсінікті ақпараттың болмауы адамның үмітсіздік пен қорғансыздық сезімін тудырады, бұл өз кезегінде көбіне наразылық көңіл-күй катализаторына айналады. Заманауи коммуникация құралдарын, ақпаратты қабылдауға оңтайлы және қол жетерлік технологияларды пайдалану қысқа мерзімде нормаға айналуы тиіс», - деді Қанат Мусин.
РЗКА төрағасы Серік Ақылбай РЗКА ағымдағы қызметі туралы қысқаша сөз сөйледі, азаматтарға тегін заң көмегін ұйымдастыру саласында атқарылған жұмыстар және осы бағыттағы институционалдық тетіктерді дамытудың маңыздылығы туралы айтылды.
ҚР ӘдМ Алқасы қатысушыларының сөздеріне сүйене отырып, заң консультанттары институтын одан әрі дамыту бойынша заңгерлік қоғамдастықтың шоғырланған жұмысын ұйымдастыру орынды болып көрінеді.
Бүгінгі таңда РЗКА заң консультанттары қызметінің тетіктері мен қағидаларын әзірлеу жөнінде жұмыс істеуде, бұл мынадай бағыттар бойынша ең төменгі талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді: 1) заң көмегін көрсету стандарттары; 2) заң консультанттарының біліктілігін арттыру қағидалары; 3) этикалық мінез-құлық қағидалары; 4) аттестаттаудан өткізу рәсімі; 5) тәртіптік бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту; 6) орташа бағалары жариялануы тиіс заң қызметтерінің тізбесі.
Бұдан басқа, «Жыл заңгері» конкурсы арқылы заң консультанттарын ынталандыру жолымен тегін заң консультацияларын ұйымдастыру жұмысы жалғасуда. Егер 2021 жылы жүлде қоры 900 000 теңгені құраса, 2022 жылы ол 1 800 00 теңгеге дейін артты. Бұдан басқа, ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ соңғы жылдары қалаға көшіп келген азаматтарға көмек көрсететін заң консультанттары үшін бөлек конкурс жариялау жоспарлануда.
РЗКА «Е-заң көмегі» сервистерін жақсарту бойынша «ҰАТ» АҚ-мен жұмыс жасауды жалғастыруда. Бірыңғай электрондық жүйе Палаталар мен заң консультанттарының тізілімін жүргізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл оны өзектендіру жөніндегі барлық мәселелердің шешімін табады. Ол Палаталардың да жұмысын жеңілдетеді. Палаталардың заң консультанттарының тізілімін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін орындау барлық қолданыстағы заң консультанттарын осы жүйеге қосу және бүкіл тізілімді «Е-заң көмегі» жария парағында жариялау арқылы шешімін табуы мүмкін.
РЗКА ең төменгі кәсіби стандарттарды, қағидалар мен талаптарды бірізділікке келтіру мақсатында сындарлы диалог жүргізуге ниетті Заң консультанттары палаталарының өкілдерін ақылдасуға шақырады.