2025 жылдың 20 мамырында Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары Палатасы мен «Respublica» партиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Палата төрағасы Аринова Алтынай Хайдаровна мен партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Мукашева Алия Орумбековна қатысты.
Меморандум бүкіл халықтың мүддесі үшін қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты экономикалық өсудің конституциялық қағидаттарын сақтауға негізделген Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына жәрдемдесу мақсатында жасалды. Тараптар сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерінде ынтымақтастық туралы уағдаласты.