Жарияланды: 13.05.2025
Шымкентте жастарға тегін заң көмегі көрсетілді

2025 жылғы 13 мамырда Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында Әділет департаментінің қолдауымен Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қ. заң консультанттары Палатасының мүшелері жастарға тегін құқықтық кеңес берді.

Іс-шара барысында әлеуметтік осал санаттағы жастарға кешенді заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасалды. Құқықтық кеңес беруге Палата заңгерлері Бағила Жұмабаева, Алтынбек Сапаралы және Аида Махатаева қатысты.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы жастардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: