Жарияланды: 09.03.2022
"Жыл заңгері" конкурсы

КОНКУРС Жыл Заңгері (1).png

Құрметті заң консультанттары!

«Жыл заңгері» конкурсы жалғасуда. 2022 жылы «Жыл заңгері» конкурсы екі номинация бойынша жүргізіледі:
1) Үздік заңгер Pro bono;
2) Ауыл - Pro bono.

Әр номинация бойынша 900 000 теңге сыйақы қоры бөлінген.
1 орын – 400 000 теңге;
2 орын – 300 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.
(Салықты қоспағанда)
Марапаттау мерзімі әр номинация бойынша - жылына 2 рет, яғни, әр жартыжылдыққа.

Конкурсқа қатысу талаптары:
1) Республикалық заң консультанттары алқасына кіретін Палата мүшесі болу;
2) Көрсетілген тегін заң көмегінің ақпаратымен бөлісу. Клиенттің аты-жөні мен телефон номері міндетті ақпарат болып табылады.

Көрсетілген тегін заң көмегімен бөлісуді екі жолмен жүргізуге болады.

Біріншісі, әр айдың 25-сіне дейін арнайы дайындалған нысандағы тегін заң көмегін тіркеу журнал-кестесін толтырып тапсыру. Кестенің нұсқасын осы жерден жүктеп алсаңыз болады. ЕСКЕРТУ! Клиенттің телефон номері жоқ кестелер қабылданбайды!

Екіншісі, Lawcenter мобильді заң көмегінің қосымшасында заң көмегін көрсету. Бұл қосымшада көрсетілген заң көмегін кестеде көрсетудің қажеті жоқ. Себебі барлық ақпарат жүйеде сақталады және конкурстық комиссия мүшелеріне табысталады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: