2022 жылғы 21-22 сәуірде Республикалық заң консультанттары алқасының ұйымдастыруымен Жер құқығы саласында вебинарлар өткізді.
Вебинар спикерлері: Альмира Бахытбекқызы Бахытбек - Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі, 15 жылдан астам практикалық қызметі бар.
Айнаш Мәмбетқызы Күдербекова - Қостанай облысының «Заңгер» заң консультанттары палатасының мүшесі, 20 жылдан астам практикалық қызметі бар.
Вебинардың бірінші күнінде негізгі ұғымдар, нормативтік құжаттар, жер даулары, шартты үлестердің пайшылары қарастырылды. Екінші күннің қорытындысы бойынша конкурста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге байланысты даулар егжей-тегжейлі талқыланды.
Вебинар жұмысы барысында спикерлер кәсіби практикадан көптеген мысалдар келтіріп, тыңдаушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді.
Вебинарға қатысушылар тренингтің пайдалы, қызықты және ақпараттық болғанын атап өтті. Онлайн тренингке барлығы 200-ге жуық адам қатысты.