2022 жылғы 7 қарашада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: "Конституция реформалары және ҚР сайлау жүйесі". Кездесу модераторы: "Құқықтану" кафедрасы, аға оқытушы PhD докторы Бағила Тлеулесова., т.ғ. к., доцент – Элизабет Исибаева.
Кездесу барысында профессор, "Адал сайлау үшін" штабының мүшесі Ермек Әбдірасұлов сайлау процесі мен құқықтың өзекті мәселелеріне тоқталып, сайлау жүйесіндегі өзгерістерді мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық процестердің көрінісі, халықтың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа реакциясы ретінде атап өтті.
Штаб мүшесі, профессор Индира Аубакирова сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету туралы айтып берді.