Жарияланды: 26.07.2024
«Заңгер» Қостанай облысының заң консультанттары палатасының төрағасы конференция жұмысына қатысты

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Қостанай қаласында Қостанай облысының Әділет департаменті Мемлекет басшысының «Адал-Азамат» үшінші Құрылтайында алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде заң қоғамдастығымен, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп «Алимент өндіріп алу кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында конференция өткізді

Конференция барысында жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ алиментті өндіріп алу мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды

Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін «Заңгер» Қостанай облысының заң консультанттары палатасының төрағасы Д.К. Рахаделов конференция жұмысына белсене қатысты.

WhatsApp Image 2024-07-25 at 16.22.26.jpeg

WhatsApp Image 2024-07-25 at 16.21.44.jpeg

WhatsApp Image 2024-07-25 at 16.22.25.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: