Жарияланды: 26.08.2021
Заң консультанттарының заңды қызметіне кедергі жасалуы туралы

Республикалық заң консультанттары алқасы (бұдан әрі - РЗКА) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Заң консультанттарының заңды қызметіне адвокаттарға ұқсас кедергі келтіргені үшін лауазымды адамдардың жауаптылығы бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені пысықтауда.

РЗКА ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабының 1-тармағын «адвокаттардың» деген сөзден кейін «заң консультанттарының» деген сөздермен толықтыруды ұсынады.

Бұл норманы қабылдау барлық заң консультанттарына Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сұратылған ақпаратты кедергісіз алуға көмектеседі.

Осы толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына сәйкес келеді. Конституциялық Кеңестің пікірінше, «халыққа білікті заң көмегін көрсетудегі ... заң консультанттарының рөлін... одан әрі күшейту бағыты ... жол беріледі және ол конституциялық талаптармен келісіледі, деп пайымдайды».

РЗКА осы толықтыру ҚР ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келесі заң жобасына қазірдің өзінде енгізілуі үшін барлық шаралар қабылдайды.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: