Жарияланды: 28.09.2022
"Құқықтану" білім беру бағдарламасының студенттері Ақмола облысының заң консультанттары палатасының төрағасымен кездесу өтті

Кәсіпорындарды әлеуметтік серіктестікке тарту бойынша іс-шаралар шеңберінде, студенттерге табысты мансап құруда консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету Ш.Уәлиханов атындағы ҚҰУ Мансап және жұмыспен қамту орталығы Ақмола облысының заң консультанттары палатасының төрағасы Б.К.Сұлтановпен «Құқықтану» білім беру бағдарламасы студенттерімен кездесуін өткізді. Заң көмегін көрсетуді реттеу мақсатында 2018 жылы Заң консультанттарының палатасы құрылды. Кездесу барысында баяндамашы болашақ заңгерлерге: заң консультантының құқықтары мен міндеттері туралы, заң консультанты қандай функцияларды орындайды, қалай заң кеңесшісі болуға болады. т.б. мәліметпен бөлісті. Тәжірибе мен дағдыларды алу үшін студенттер «Паритет» ЖШС, «Статус» ЖШС сияқты ұйымдарда, сондай-ақ Қазақстан аймақтарындағы басқа өкілдіктерде тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

IMG-20220926-WA0049.jpg

IMG-20220926-WA0050.jpg

IMG-20220926-WA0048.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: