Жарияланды: 03.03.2023
Ағымдағы жылдың 3 наурызында БАҚ үшін "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі өтті

Ағымдағы жылдың 3 наурызында БАҚ үшін "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі өтті.

Спикер Жанар Бұқанова сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылар тізімін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер жасайтынын және сайлау комиссияларына жіберілетінін айтты.

Әкімдіктер барлық деректерді жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы негізінде қалыптастыратынын атап өткен жөн.

Бұдан басқа, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығын іске асыру және азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері, ғимараты немесе үй-жайы меншік иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.

Спикер Думан Жампейісов сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар азаматтар енгізілетінін атап өтті. Дауыс беруден 15 күн бұрын азаматтарға тізімдермен танысуға және өз деректерінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, спикер Астана және Алматы қалалары бойынша Өзін-өзі ұсынған кандидаттар арасында қолданыстағы заңнаманы бұзу жағдайлары жиі кездесетінін атап өтті. Мәселен, ӘҚБтК-нің 104-бабына сәйкес сайлау қорытындыларына ықпал ету мақсатында жалған немесе ар-намысқа нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату құқық бұзушылық болып табылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Сот үгіт талаптарын бұзды деп тану негізінде сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жоюға құқылы. Кандидаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға тағы да шақырамыз.

Сілтемелер:

https://el.kz/4-nauryzdan-bastap-saylaushylar-ozinin-tizimde-bar-zhogyn-teksere-alady_66656/ https://baq.kz/astanada-adal-saylau-ushin-shtabynyn-kezekti-otyrysy-otti-298721/ https://baigenews.kz/izbirateli-mogut-propisatsya-na-uchastke-v-den-vyborov_148489/ https://24.kz/ru/news/social/item/589444-s-4-marta-kazakhstantsy-mogut-proverit-sebya-v-spiskakh-izbiratelej https://www.youtube.com/watch?v=TpMTWkPew0k

WhatsApp Image 2023-03-03 at 11.20.26 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-03-03 at 12.42.15.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: