Жарияланды: 25.07.2024
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Сайрам ауданының мәдениет Сарайында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» және Шымкент қ. Әділет департаменті бірлесіп, Шымкент қ. тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Сайрам ауданының мәдениет Сарайында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» және Шымкент қаласы Әділет департаменті бірлесіп, Шымкент қаласы тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Акция жұмысына Шымкент қаласы Әділет департаментінің өкілдері, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» өкілдері, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылары қатысты.

Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына енетін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері К. Исманшиков пен Ф. Мираметов те тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін табуға көмек қолын созды.

WhatsApp Image 2024-07-24 at 18.04.35.jpeg

WhatsApp Image 2024-07-24 at 18.04.38.jpeg

WhatsApp Image 2024-07-24 at 18.04.39.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: