Ағымдағы жылдың 14 наурызында БАҚ үшін "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі өтті.
Спикер Жанар Бұқанова сайлау бюллетеньдерін дайындау, сақтау және оларға кандидаттар мен партияларды қосу тәртібі туралы айтып берді.
Осылайша, сайлау бюллетеньдері мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады, сайлаушылар санына тең мөлшерде дайындалады, учаскелік сайлау комиссияларына сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірілмей жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жай мөрленеді және ішкі істер органдарына күзетке тапсырылады.
Бұдан басқа, сайлау бюллетеніне тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдің алфавиттік тәртібімен және "барлығына қарсы"жолы енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребе арқылы айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары және "барлығына қарсы"деген жол енгізіледі.
Думан Жампейісов кандидатура алынған, кандидатты ұсыну, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімдердің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу бойынша ОСК өкілеттіктері туралы хабардар етті.
Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер дауыс беру күнінен кешіктірілмей енгізіледі. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жоғары тұрған сайлау комиссиясына жіберіледі.
Әбдікәрім Ақжанов сайлау комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында сайлау бюллетеньдерін бергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (ҚР ӘҚБтК 110-бабы) және жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтті.
Бұдан басқа, сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге жалған жазбалар енгізу, дауыстарды көрінеу дұрыс есептемеу не сайлау нәтижелерін көрінеу дұрыс белгілемеу не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл әрекеттерді депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының мүшесі жасаса, – төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (13 млн 800 мың теңгеге дейін) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен үш жылға дейінгі мерзімге айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз жазаланады (ҚР ҚК 151-бабы).
Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.
Сілтемелер:
https://www.facebook.com/groups/960970831350992/permalink/1343271916454213/
https://el.kz/aldagy-saylauda-12-mln-nan-asa-azamat-dauys-beredi_67779/
https://baq.kz/saylau-byulletenderinin-birneshe-tusi-bolady-299540/
https://qazaqstan.tv/news/172923/
https://www.youtube.com/watch?v=W0D3hqJvt0A
https://inbusiness.kz/kz/last/astana-men-almaty-sajlaushylaryna-tort-turli-byulleten-beriledi