Жарияланды: 10.03.2023
Ағымдағы жылдың 10 наурызында "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің БАҚ үшін брифингі өтті

Ағымдағы жылдың 10 наурызында "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің БАҚ үшін брифингі өтті.

Жанар Бұқанова сайлау науқаны барысында кандидаттар қызметінің кепілдіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Мәселен, депутаттыққа кандидаттар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы, жұмыстан шығарылмайды, олардың келісімінсіз басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырылмайды, сондай-ақ іссапарға жіберілмейді немесе әскери жиындарға шақырылмайды.

Парламент депутаттығына кандидаттар олар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ олар Парламент депутаты ретінде тіркелгенге дейін Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз ұсталуға, қамауға алынуға, үйқамаққа алынуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа, қылмыс не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған жерде ұсталу жағдайларын қоспағанда, тартыла алмайды.

Думан Жампейісов дауыс беру күні және оның алдындағы күн соттар, прокуратура және ішкі істер органдары, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшін жұмыс күні болып табылатынын хабарлады. Ішкі істер органдары дауыс беруді өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен сайлау еркіндігін қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жәрдемдесуге міндетті.

Сонымен қатар, спикер әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген сайлау заңнамасының жекелеген бұзушылықтарын айтты.

Әнуарбек Сқақов сайлау комиссияларының азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзу туралы өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы айтып берді. Спикер сондай-ақ соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерінің, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің дауыс беруді өткізу мәселелеріне, оның ішінде сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде келіп түскен сайлау туралы заңнаманы бұзу туралы өтініштерін қабылдауға және оларды бес күн мерзімде, ал дауыс беруге бес күннен аз уақыт қалғанда дауыс беру күні-дереу қарауға міндетті екенін атап өтті.

Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/groups/960970831350992/permalink/1341053280009410/ https://baq.kz/saylau-2023-kandidattar-qanday-kepildikterge-ie-299239/ https://el.kz/saylau-komissiyasynyn-kelisiminsiz-kandidattar-zhauapqa-tartylmaydy_67417/ https://www.youtube.com/watch?v=MdnaEbuXkAg https://www.youtube.com/watch?v=P4RaxvdROKQ https://qazaqstan.tv/news/172760/ https://www.youtube.com/watch?v=vTnuKxGvbKk https://www.youtube.com/watch?v=Q7DlssthlT8

WhatsApp Image 2023-03-10 at 11.37.32 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-03-10 at 12.04.11.jpeg

WhatsApp Image 2023-03-10 at 11.37.25.jpeg

WhatsApp Image 2023-03-10 at 12.05.40 (1).jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: