Жарияланды: 06.03.2025
Вебинар для юридических консультантов с участием председателя специализированного суда по административным правонарушениям г. Усть-Каменогорска

✅ Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты төрағасының қатысуымен РКЮК заң консультанттарына арналған вебинар өтті

2025 жылғы 6 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Фархад Анварович Камаловпен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге өкілдердің қатысу тәртібі мен ерекшеліктері (ҚР ӘҚБтК). Жол-көлік оқиғаларын тіркеу және жаза қолдану туралы қаулыларға шағымдану тәртібі» тақырыбында онлайн-оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар барысында спикер:

✔️ жеке және заңды тұлғалардың заңды өкілдерінің мәртебесі;

✔️ әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңалықтар;

✔️ қорғаушының өкілеттіктері және одан бас тарту тәртібі;

✔️ жол-көлік оқиғаларын тіркеу тәртібі;

✔️ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға шағымдану негіздері мен тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Вебинарға барлық өңірлерден 200-ден астам заң консультанттары қатысты. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық және кәсіби жауаптар алды.

Іс-шара соңында заң консультанттары Палаталарының мүшелері Фархад Анваровичке жоғары кәсібилігі мен қол жетімді ақпарат бергені үшін алғыстарын білдіріп, таңдалған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Республикалық заң консультанттары алқасы «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-ға онлайн-оқыту вебинарын өткізудегі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және заң консультанттары институтын жетілдіру шеңберінде одан әрі жемісті өзара іс-қимыл жасауға үміттенеді.

https://www.facebook.com/share/16UP5nArAi/?mibextid=wwXIfr

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: