2022 жылғы 04 қараша күні «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының мүшелері М.Б.Сәуірбаев пен Ә.С.Шахметова «Адал сайлау үшін» заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушылары ретінде сайлау құқығының өзекті мәселелері бойынша ҚТЖ-ның Көкшетау байланыс желісінің қашықтығы бөлімінің (ЭЧ-6) жұмыскерлеріне түсіндру жұмыстарын жүргізді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында қатысушылар штаб мүшелеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.