Жарияланды: 28.09.2022
Ақмола облысы бойынша ҚР Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылындағы әділет органдарының жетістіктері туралы

2022 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаментімен әділет органдарының 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы әділет органдарының жетістіктері» тақырыбында ҚР Әділет министрлігінің Ақмола облысы бойынша құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен өкілдері, сонымен қатар, Ш. Уәлиханов және А. Мырзахметов атындағы Көкшетаулық Университеттері өкілдерінің және әділет органдары ардагерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

DSC_0739(1).JPG

Департамент басшысының орынбасары Г. Акимова тәуелсіздік жылдарындағы әділет органдарының негізгі жетістіктеріне, мемлекеттік қызметтердің электронды нысанға ауысуы және автоматтандырылуы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің қысқартылуы білікті заң көмегін алу мақсатында ақпараттық жүйелердің құрылуы, зияткерлік меншік және атқарушылық өндіріс саласында құқықтық базаның жетілуі сияқты әділет органдарына қатысты заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге тоқталды.

DSC_0743.JPG

Ақмола заң консультанттарының палатасының төрағасы Бахыт Сұлтанов «дөңгелек үстел» қатысушыларын заңгерлердің салаларындағы жетістіктер мен жаңашылдықтарымен таныстырды.

DSC_0746.JPG

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: