Ағымдағы жылдың 7 наурызында "Адал сайлау үшін" заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушылары "Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы" заң консультанттары атынан Түркістан облысының патология және анатомия бюросының медициналық орталығында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына депутаттардың кезектен тыс сайлауын түсіндіру бойынша дәрігерлермен және медициналық қызметкерлермен кездесу өткізді.