08.11.2022 жылы Шымкент қаласындағы "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, "Адал сайлау үшін" штабының қатысушылары Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының ғимаратында сайлаушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында брошюралар таратылып, мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар, алдағы президенттік сайлау тақырыптары талқыланды.