Республикалық заң консультанттары алқасының
Палаталары заң консультанттарының
халыққа тегін заң көмегін көрсетуі жөніндегі
2021 жылдың 2-жартыжылдығы ішіндегі
ЕСЕБІ
-
РЗКА Палаталарының заң консультанттары 26 973 азаматқа телефон байланысы және Telegram және WhatsApp қосымшалары арқылы мынадай мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсетті:
1) заңсыз үйден шығару; 2) жұмыскерді заңнаманы бұза отырып жұмыстан шығару;
3) ата-ана құқықтарынан айыру;
4) ақшалай қаражатты қолхат бойынша қайтару;
5) мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және оны заңды емес деп тану;
6) зейнетақы ресімдеу мәселелері бойынша;
7) алименттерді өндіріп алу туралы;
8) некені бұзу;
9) баланың шетелге уақытша кетуі;
10) көп балалы отбасылар үшін жәрдемақылар мен жеңілдіктер;
11) атқарушылық жазбаның күшін жою бойынша;
12) пәтерді жалдау шарты бойынша және т.б. -
Сонымен қатар, заң консультанттары «ADAL KӨMEK» жобасы аясында бейнебайланысты (Instagram, Facebook және т.б.) қолдана отырып, әлеуметтік желілерде заңнамаларға мынадай мәселелер бойынша түсіндіру жүргізді:
1) жұмыс беруші қызметкерді вакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығара ала ма;
2) егер санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талабын бұзса не болады;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық;
4) кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді сот тәртібімен өндіріп алу;
5) еңбек даулары;
6) заңдастыру бойынша жер мәселелері;
7) әлеуметтік мәні бар даулар;
8) алиментшінің ҚР аумағынан тысқары шығуы;
9) атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі қандай;
10) қашықтықтан жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу қалай жүзеге асырылады. -
Еріктілер қозғалысы аясында көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, церебралды сал ауруымен ауыратын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Жиыны 210 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
-
БКБ арқылы сот процестеріне 195 рет қатысты және заң консультанттары 2585 медиацияны жүзеге асырды.
-
Заң консультанттары палатасының мүшелері 8291 (сегіз мың екі жүз тоқсан бір) өтініш/арыз, оның ішінде жүгінген адамның эл. поштасына жібере отырып дайындады.