15.11.2022 Ж. Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының атқарушы директоры, "Адал сайлау үшін" штабының консультативтік тобының мүшесі, Лаззат Фазылбекқызы алыпкелова Әділет департаментінің ұжымымен кездесті. Кездесуде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңнамаға енгізілетін жаңалықтар талқыланды, әрбір азаматтың өзінің белсенді сайлау құқығын іске асыруының және ағымдағы жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауына қатысуының маңыздылығы атап өтілді.