Жарияланды: 16.12.2021
Тауелсіздік күні құтты болсын!

Қазақстан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке заңды түрде мемлекетіміздің бостандығы мен құдіретінің символына айналды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақ елінің ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастырды. Елімізбен бірге Тәуелсіз елдің заңгерлері де Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы көрсеткен ізгі жолды жалғастырып, Қазақстанның заң шығару, құқық қолдану ісінде елеулі жетістікке жетті.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің заңгерлері күллі әлемге біліктілігімен танылып, зор ілгерілеушілікке қол жеткізе білді.Ежелден біздің қара қылды қақ жарған билеріміздің «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп тек заң үстемдігіне бағынған принциптерін бүгінгі Тәуелсіз елдің заңгерлері де басшылыққа аламыз.

Бұдан былай да заңгерлеріміз Тәуелсіз елдің абыройын арттыруға, Тәуелсіздігімізді нығайтуға зор үлес қосатынына сенеміз!

Осынау қастерлі күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз! Сіздердің отбасыларыңызда әрдайым Тәуелсіздігімізбен тоғысқан мамыражай өмір, үйлесім мен түсіністік болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын !

Игі тілекпен, Республикалық заң консультанттары алқасы

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: