Жарияланды: 15.10.2024
Талғардағы қанды қылмыс: халықтың талабы орындала ма? Заң неге жұмыс істемейді?

Әлеуметтік желіде Ұлттық ұлан сарбаздарының Талғарға жіберілгені туралы ақпарат тарай бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласына қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан өткізілетін іс – шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген кезде агрессивті тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп, Шерзатты, әкесі мен ағасын пышақ пен мылтықпен ұрып-соға бастаған. Кісі өлтіру фактісін тергеуді Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қолға алды.

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікпен жеті күдікті ұсталды. Сот оларды екі айға қамауға алды.

Кейін қайтыс болған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті.

Қоғам жауаптарды талап етеді: Бұл өрттің артында кім тұр? Жасөспірімнің өліміне көрші ауылдағы қылмыскерлерлік топтың қатысы бар ма? Ал ең бастысы, мұндай істер қылмыстық шежіренің кезекті бөлігіне айналып кетпей, жоғары лауазымды тұлғалардың араласуынсыз бірден, сол жерде тиісті назарға алынып, әділ тергеу жүргізілетініне кепілдік қайда? Қоғамда қатыгездіктің өршуіне не себеп?

Осы және өзге де сауалдарға Республикалық заң консультанттары алқасының төраға орынбасары Абдыкарым Акжанов AtamekenBusiness арнасының «Түскі формат» бағдарламасында жауап берді.

Толық шығарылым сілтеме бойынша

Республикалық заң консультанттары алқасы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: