Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ «Хан Шатыр» сауда орталығында құқықтық көмек көрсетті.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заң консультанттары палаталарының, жеке сот орындаушыларының, нотариустардың, адвокаттар алқасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан заңнама нормаларын түсіндіру бойынша мобильді топтың бастамашыл жұмысын жалғастыруда.
Маңызды іс-шара «Хан Шатыр» ірі сауда ойын-сауық орталығының алаңында өткізілді, онда елорданың 80-нен астам азаматы құқықтық көмек алды.
Мобильді топ құрамында Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Астана қ. заң консультанттары палатасының мүшелері азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.