15.02.2023 жылы Астана қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері Әсел Құсайынова мен Валентина Ступак "Адал сайлау үшін" заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушылары ретінде "СҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты" КММ филиалында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.