Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары Палатасы 2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімінде «Әскери қызмет – әрбір азаматтың конституциялық борышы» тақырыбында конференция өткізді.
Конференция аяқталғаннан кейін, Палата мүшелері Г.С. Сайдалина және В.Г. Ломакин мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге құқықтық консультация өткізді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Ақмола облысының заң консультанттары Палатасы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін құқықтық кеңес беру апталығын ұйымдастырып, өткізді.
Мәселен, 2024 жылғы 26 және 28 тамызда заң көмегін көрсетумен «Өмір – отбасылық тәрбие орталығында» заң консультанттары М.Б. Саурбаев пен А.С. Шахметова құқықтық консультациялар өткізді.
Ақмола облысының заң консультанттары Палатасы Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп 2024 жылғы 28 тамызда құқықтық мәселелер бойынша Ашық есік күнін өткізді, онда заң консультанттары Ж.Д. Нұржанова, С.И. Ильясова, А.К. Қабиденов Көкшетау қаласының азаматтарымен консультация өткізді.