Жарияланды: 18.04.2025
Өскеменде Конституцияның үстемдігі және конституциялық заңдылық мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті

2025 жылдың 18 сәуірінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ауқымды халықаралық конференция өтті. Заң қоғамдастығының өкілдері тұрақты дамудың стратегиялық құралы болып табылатын конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов: «Конституция – Қазақстандағы құқық үстемдігін бекіту үшін негіз. Қолданыстағы Конституция саяси, экономикалық, әлеуметтік процестер мен институттардың дамуына қолайлы жағдай жасады», – деп атап өтті.

Секциялық отырыс шеңберінде РКЮК құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары Палатасының заң консультанты, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович сөз сөйледі. Ол Республикалық заң консультанттары алқасы мен ШҚО бойынша заң консультанттары Палатасының конституциялық заңдылықты нығайтудағы рөліне тоқталды

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: