Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Алтай ауданының "Аманат" партия филиалында халықпен көшпелі кездесулер өткізу кестесін орындау мақсатында кездесу өткізді.
Іс-шараға Заң консультанттары өңірлік палатасының, жеке сот орындаушыларының палатасының адвокаттар алқасының және нотариаттық палатаның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында алименттерді ресімдеу, сот актілерін орындау, заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, азаматтарды қабылдау жүргізілді.