Жарияланды: 12.10.2022
"Сайлау құқығы мен процесінің өзекті мәселелері" тақырыбында вебинар өткізді

2022 жылғы 12 қазанда "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ базасында құрылған "Адал сайлау үшін" штабы "Сайлау құқығы мен процесінің өзекті мәселелері" тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар палаталардың басшыларына, заң консультанттарына - консультативтік көмек көрсету және сайлау процесін сүйемелдеу жөніндегі консультативтік топтардың мүшелеріне, сондай-ақ штаб жанындағы сайлау процесін түсіндіру жөніндегі пулдың құрамына кіретін Заң консультанттарына арналған.

Вебинардың спикері заң ғылымдарының докторы, профессор, "Адал сайлау үшін" штабының мүшесі Абдрасулов Ермек Байахметұлы болды, ол тыңдаушыларға сайлау заңнамасының негізгі ережелерін жан – жақты түсіндірді.

Вебинар барысында Ермек Ахметұлы тыңдаушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

WhatsApp Image 2022-10-12 at 17.17.55.jpeg

WhatsApp Image 2022-10-12 at 17.17.55 (2).jpeg

WhatsApp Image 2022-10-12 at 17.17.55 (1).jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: