Жарияланды: 13.09.2024
РЗКА ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (QAZPATENT) бірлесіп «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында екі күндік оқыту вебинарын өткізді

Ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегінде Республикалық заң консультанттары алқасы Ұлттық зияткерлік меншік институтымен (QAZPATENT) бірлесіп «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында екі күндік оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар барысында спикерлер зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық, өз туындысына авторлық құқықты тіркеу, Қазақстандағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында және Еуразиялық жүйеде Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, Қазақстан Республикасында тауар таңбасын құқықтық қорғау, тауар белгілеріне өтінім беруге, алдын ала сараптамаға, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруға және т.б. қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Екі күн ішінде вебинар қатысушылары спикерлерге 100-ден астам сұрақ қойып, оларға толық және жан-жақты жауаптар алды. Вебинар соңында заң консультанттары Ұлттық зияткерлік меншік институтының спикерлеріне және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін алғыстарын білдірді. 2024 жылдың басынан бастап Республикалық заң консультанттары алқасы спикерлер ретінде тәжірибелі заңгерлерді, мемлекеттік органдардың мамандарын, судьяларды, нотариустарды және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әртүрлі тақырыптарда 24 тегін вебинар өткізгенін еске салғымыз келеді; қыркүйек айына дейін 1600-ден астам біліктілікті арттыру сертификаттары берілді.

Вебинарлардың тақырыптары тікелей заң консультанттарының сұраулары бойынша қалыптастырылады, осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz эл.поштасына жіберуді немесе посттың астына қалдыруыңызды сұраймыз.

Вебинар_12-13.09.2024г..png

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/Jqk5/2C3fLQvUm , https://cloud.mail.ru/public/SY9w/UdHeNFeuk

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: