Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салынды. Бұл туралы ағымдағы жылдың 24 қаңтарында өткен Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.
Қазіргі жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекі сәнге айналған. Халықаралық тілде бұл «вейп» деп аталады. Ол ағылшынның «vapе» – «буды жұту және шығару» сөзінен шыққан.
Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,8%-ы электронды темекіні/вейптерді күнделікті пайдаланады. Күйік пен түтіннің иісі болмағандықтан, ата-аналар балаларында никотинге тәуелділіктің дамуы туралы ұзақ уақыт бойы байқамайды.
Өз кезегінде, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай Денсаулық сақтау министрлігі, Үкіметтік емес ұйымдар және басқа да сарапшылармен бірлесіп, ұрпақ саулығы – ұлт саулығы жолында электронды темекіге тыйым салуға өз үлесін қосты.