Жарияланды: 12.12.2024
РКЮК құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде қабылдау өткізді

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында РКЮК құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі Ломакин Виктор Геннадьевич мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Біржан сал ауданы Макинка ауылындағы «Мейірім» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де құқықтық кеңес беру нысанында қабылдау өткізді.

Виктор Геннадьевич қабылдауға келген тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Қабылдау соңында мекеме басшылығы мен тұрғындар заң консультантына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: