Биылғы жылдың 4 сәуірінде Республикалық заң консультанттары алқасы заң ғылымдарының кандидаты, Астана қаласының заң консультанттары Палатасының мүшесі, «Пономарев, Чичков и партнёры» заң компаниясының басқарушы серіктесі Б.А. Пономаревпен бірлесіп «Бизнестегі корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеу негіздері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Булат Аскарович корпоративтік қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктерін, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің белгілері мен құқықтық мәртебесін, оларды құру тәртібін, ЖШС-де корпоративтік қатынастарды басқару ерекшеліктерін, мүліктік қатынастарды реттеуді, сондай-ақ корпоративтік дауларға байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Іс-шараға барлық өңірлік заң консультанттары Палаталарынан 168 заң консультанты қатысты. Қатысушылар спикерге белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Вебинар соңында қатысушылар Булат Аскаровичке және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін алғыс білдірді.
2025 жылдың басынан бастап Республикалық заң консультанттары алқасы тәжірибелі заңгерлердің, мемлекеттік органдардың мамандары мен судьялардың қатысуымен түрлі тақырыптар бойынша 14 тегін вебинар өткізді.
📌Вебинарлардың тақырыбы РКЮК заң консультанттарының сұраулары негізінде қалыптастырылады. Осыған байланысты болашақ оқыту іс шаралары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.