Ағымдағы жылдың 8-9 маусымында Шығыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасы ШҚО Әділет департаментімен, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Адвокаттар алқасымен, Нотариаттық палатамен бірлесіп Риддер қаласында тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әділет органдары қызметінің бағыттары, сот актілерін орындау, заңгерлік көмек көрсету және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.