Жарияланды: 28.12.2021
Республикалық заң консультанттарының алқасы 2021 жыл бойынша жұмысын қорытындылады

Бүгін Республикалық заң консультанттарының Басқарма отырысы өткізілді. Басқарма отырысында Алқа Төрағасы Ақылбай Серік Байсейітұлы 2021 жылғы 14 шілдедегі Алқаның құрылған күніне бастап 5 айда жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша баяндама жасады.

Қысқа уақыт ішінде Алқа бірнеше бағыттар бойынша көптеген жетістіктерге жетті. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Республикалық нотариаттық палата, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Сот сарапшыларының палатасымен ынтымақтастық орнатылды.

Алқа және заң консультанттары палаталарының қарауына ҚР Қаржы мониторингі агенттігімен және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму орталығымен меморандум жобалары жіберілді.

Әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға тегін заң көмегін қолжетімді ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетті корпорациясымен меморандум жасасу мәселесі пысықталуды.

Алқа Палаталарының мүшелері көптеген құқықтық актілер жобаларының талқылауына қатысып, заң консультанттарының мүддесін жоғары деңгейде қорғай білді. Атап айтқанда, тәжірибелі заң консультанттарының тобы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі келесі заң жобаларын талқылау бойынша жұмыс топтарына қатысты: соттан тыс реттеу туралы, сот жүйесі және судья мәртебесі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот сараптама қызметі туралы, МКЗК көрсетуші субъетілер мен оларды алуға құқығы бар тұлғалардың санын арттыру туралы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер бойынша Алқаның ұсыныстары толықтай мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан қолдау тапты. Ұсыныстар заң консультанттарын адвокаттармен қатар әкімшілік істер бойынша қорғаушы ретінде енгізуді қарастырады. Заң консультантының заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік, заң консультанттарын МКЗК көрсетуге адвокаттармен қатар азаматтық және әкімшілік істерге қатысу, сондай-ақ кәсіби құпияны бұзғаны үшін заң консультантының жауапкершілігіне қатысты нормалар қарастырылған.

Одан бөлек Алқаның өкілдері Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына барып, Заң консультанттарының палаталарымен кездесті. Осы шаралар аясында Алқаның атқарылып жатқан жұмысы түсіндіріліп, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын презентацияланды.
2021 жылдың кыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында біліктілікті арттыру бойынша 3 вебинар және 1 тренинг өткізілді. Алқа Палаталарының барлық мүшелеріне қатысу тегін болды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады.

Алқаның Басқарма отырысы барысында бөлек сұрақ ретінде 3 құжат қаратылып бекітілді:

1) РЗКА-ның Тексеру комиссия туралы ереже;

2) РЗКА-ның Есеп комиссия туралы ереже;

3) РЗКА-ның біліктілікті арттыру туралы қағидалары.

Аталған құжаттардың жобалары Алқа Палаталарының барлығына алдын ала жіберіліп, талқыланып, ұсыныстар мен ескертпелер ескерілді. Құжаттардың мәтіндері Алқаның ресми сайтында жарияланады. Одан бөлек, Алқаның Басқарма отырысында «Жыл Заңгері» жеңімпаздары салтанатты түрде құттықталды.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: