Жарияланды: 29.03.2024
Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай «Телеканал 24kz» телеарнасының «Ойталқы» бағдарламасында Заң мен Тәртіп тақырыбында сұхбат берді

«Заң мен тәртіп орнамаса, қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда елімізді сақтап қалу қиын болады. Мұны бәрі түсінгені жөн. Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, жалпы қоғам заңға бағынуға тиіс. Бұл демократия шектеледі деген сөз емес, керісінше, еліміздің егемендігін нығайтып, демократияны дамыта түседі»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай «Телеканал 24kz» телеарнасының «Ойталқы» бағдарламасында Заң мен Тәртіп тақырыбында сұхбат берді.

«Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан – Заңның үстемдігі» тезисін келтірді. Сонда мен Заңның үстемдігін алға қою керек, себебі Заңның үстемдігі болмаса Әділетті Қазақстан болуы мүмкін емес екенін айтқанмын. Заңды тек азаматтар ғана емес, мемлекеттік қызметшілер де, квазимемлекеттік сектор субъектілері де, жәй шенеуніктер де – барлығы мойындауы қажет, заңға бағынуы қажет.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда менің ұсынғаным – халықты құқықтық ағарту, әсіресе ауылды елді-мекендерді тек теледидардағы бағдарламалар арқылы ғана емес, ауыл халқымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әрбір адам қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін түсінген кезде Адал Азамат пайда болады. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тамаша сөзі бар. Мына өтпелі, Әділетті Қазақстанға ұмтылып жатқан заманда Әбіш Кекілбаев сынды абыз, жастарға ақыл айтатын ақсақалдар керек»

Толық шығарылым сілтеме бойынша

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: