2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ұйымдастырған «Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің конституциялық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың, заңгерлік және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері, ғылыми орта өкілдері, сондай-ақ шетелдік мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелге Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай және төраға орынбасары Абдыкарым Ақжанов қатысты.
Серік Байсеитұлы конституциялық жаңа нормаларды іске асырудың практикалық аспектілеріне, заңнаманы дамытуға және конституциялық жүйенің жаңғыруы жағдайындағы кәсіби заңгерлер қоғамдастығының рөліне арналған баяндама жасады.
Өз сөзінде Алқа төрағасы 2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституцияның күшіне енуі қолданыстағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстың басталуына негіз болғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол конституциялық реформаны іске асырудағы кәсіби заңгерлер қоғамдастығының маңызын атап көрсетті.
Дөңгелек үстел барысында Құрылтайдағы заң шығару процесі, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттіктері, парламенттік және конституциялық бақылау, заң жобаларын ғылыми және сараптамалық сүйемелдеу, сондай-ақ сот жүйесіндегі конституциялық кепілдіктерді іске асыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар жаңа Конституция ережелерін сапалы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, заң шығару институттары, заңгерлік және ғылыми қоғамдастық арасында одан әрі кәсіби өзара іс-қимылды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Республикалық заң консультанттары алқасы заңнаманы дамыту, құқық қолдану практикасы және заң көмегінің сапасын арттыру мәселелерін кәсіби тұрғыда талқылауға одан әрі белсенді қатысуын жалғастырады.
