Біздің еліміздің алдында адам құқықтарын сақтау және қорғау мәселесі негіз болып табылады. Әлемдік стандарттарға сай болу үшін адам құқықтарын қорғау халықаралық міндеттемелерге толық сәйкес келуі керек. Бұған қол жеткізу үшін нақты шаралар жүзеге асырылуда, мысалы, ауқымды демократиялық реформалар жүргізілді.
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау үшін қандай қажетті құралдар, қандай заңнамалық жағдайлар жасалған? Өйткені, азаматтардың қауіпсіздігі, өз пікірін еркін және ашық білдіру, саяси ұстанымды қорғау, мемлекет құруға тікелей қатысу мүмкіндігі – демократияның басты қағидаттары. Бұл ретте Заңның үстемдігін сақтау, қарым-қатынас нормалары мен шекараларын сақтау, өзара пікір алмасу мүмкіндігі қажет, яғни әрбір қазақстандық саяси шешімдер қабылдауға қатыса алуы тиіс. Ол үшін елімізде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттары енгізілуде.
Осы және басқа да сауалдарға Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай Khabar NEWS телеарнасының «Талқы» бағдарламасында жауап берді.
Толық шығарылым сілтеме бойынша.