Жарияланды: 15.06.2026
Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай халықаралық конференцияға қатысты

2026 жылғы 15 маусымда Астана қаласында «Конституциялық реформа: заңнаманы және мемлекеттік басқаруды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты мен «Халықаралық заңгерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Конференция жұмысына Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Ақылбай Серік және Астана қаласының заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.

Конференция барысында конституциялық реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз ету тетіктері, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ заңнаманы одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Конституциялық Сот судьялары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және құқық ғылымының жетекші өкілдері қатысты.

Республикалық заң консультанттары алқасы құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, заңнаманы жетілдіруге және кәсіби заң қоғамдастығының дамуына бағытталған осындай маңызды алаңдардың жұмысына белсенді қатысуды жалғастырады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: