Жарияланды: 19.03.2024
Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында

Қазіргі таңда заңдылық пен тәртіп, еңбексүйгіштік пен бірлік қағидаттары көбірек айтылады. Расыменде, құндылықтарды дәріптеу – өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Бұл тұрғыда біз әріптестермен шетелдік тәжірибені зерттеп көрдік. Талдау барысында ұлттық біркелкілікті қалыптастырудың мүмкіндік қағидаты, іргелік құндылықтарды ұлттық деңгейде бекіту керек екенін байқадық.

Динара Зәкиева

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда жалпыұлттық құндылықтар жүйесін бекіту ұсынылды. «Отан», «Тәуелсіздік», «Туған жер» ұғымдарынан бөлек қандай құндылықтар көпэтносты халқымыздың қадір-қасиетін арттырып, бір тудың астына біріктіре алады? Осы және өзге де сауалдарға Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында жауап берді:

«Қазіргі таңда, қай салаға қарасаңыз да, ең бастысы – Заңның үстемдігі. Заң және тәртіп болмай мықты мемлекет бола алмайды. Заңның алдында барлығы тең: жауапкершілік те, құқық та бірдей болу керек. Ұлттық құндылықтарға тоқталар болсам, қазақ мемлекеттілігін ар-намыстан құрған, сол арқылы басқарған. Дана халқымызда «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген ұлағатты сөз бар. Менің ойымша, Ұлттық құндылықтың бір сипаты – ол әділдік».

Толық шығарылым сілтеме бойынша

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: