Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Qazaqstan TV ұлттық телеарнасындағы «Бас тақырып» бағдарламасына қатысып, «Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты қандай?» тақырыбында өз пікірін білдірді.
Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары, заң үстемдігін нығайту, заң шығару қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ конституциялық реформаларды іске асырудағы заңгерлер қауымдастығының рөлі талқыланды.
Серік Ақылбай құқықтық мемлекеттің негізі сапалы заңдар қабылдаумен ғана шектелмейтінін, ең бастысы – олардың мүлтіксіз орындалуы екенін атап өтті. Оның айтуынша, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қамтамасыз ету, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін кеңейту – Қазақстанның демократиялық әрі құқықтық мемлекет ретінде одан әрі дамуының маңызды шарттары.
Сұхбат барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы заңгерлер қауымдастығы заңнаманы кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру ісіне белсенді атсалысуы қажет екенін айтты.
Толық шығарылым сілтеме бойынша:
