Ағымдағы жылдың 1 наурызында Республикалық заң консультанттары алқасы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының судьясы Х.К. Тлеубергеновамен бірлесіп «Жер құқығы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Хабиба Касымовна нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін алып қоюға байланысты даулар туралы, азаматқа немесе заңды тұлғаға тиесілі емес жер учаскелерін пайдалануға байланысты даулар туралы, сондай-ақ сервитут белгілеу туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Заң консультанттары Палаталарының мүшелері өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін спикерге және Республикалық заң консультанттары алқасына алғыстарын білдірді.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/YnEv/3mU3VSXsD