Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Республикалық заң консультанттары алқасы Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының отставкадағы судьясы М.А. Кушаковамен бірлесіп «Ювеналды соттардың соттылығына жататын даулар» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Марина Афанасьевна баланың тұрғылықты жерін анықтау; ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тәртібін анықтау және баланы басқа адамдардан алу; бала мен ата-анасының біреуі республикадан тұрақты тұруға кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін анықтау; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру; баланы асырап алу және оның күшін жою, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимдегі ұйымдарға жіберу; кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылық (патронаж) бойынша туындайтын даулар; кәмелетке толмаған баланың әкелігін анықтау және одан алимент өндіру сияқты азаматтық мәселелерді көтерді.
Вебинарға қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, оларға толық және жан-жақты жауап алды. Заң консультанттары палаталарының мүшелері Марина Афанасьевнаға және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін алғыстарын білдірді.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/rbkZ/rqje5jsvx