- Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға арналған аса қажетті құқық қорғау институты іс жүзінде қалыптасқанын және елеулі жұмыс жүргізіп жатқанын уақыт көрсетіп отыр. Аз ғана уақыт ішінде ол көптеген өте қажетті іс-шаралар атқарды.
- «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігімен, Қазақстан Республикасының Республикалық нотариаттық палатасымен, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен және Сот сарапшылары палатасымен және басқа да бірлестіктермен шарттар жасалды.
- Республикалық заң консультанттары алқасы (РЗКА) мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдармен, Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-қимыл жасауда.
- Халыққа заң көмегін көрсету және ұйымдастыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Алқа Жоғарғы Сотпен, адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, орталық мемлекеттік органдармен (Әділет министрлігімен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен және т.б.), халықаралық ұйымдармен (ЕҚЫҰ, USAID), үкіметтік емес ұйымдармен, Жоғары оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқаларымен өзара іс-қимыл жасауда.
- Заң жобалау жұмысына келетін болсақ, ҚПК-ге, АПК-ге, ӘҚБтК-ге заң консультанттарын жәбірленушінің өкілі, әкімшілік істер бойынша қорғаушы ретінде адвокаттармен тең дәрежеде енгізуге қатысты түзетулер, заң консультантының кәсіптік құпияны жария еткені үшін жауапкершілігін көздейтін, сондай-ақ заң консультанттарына азаматтық және әкімшілік істер бойынша адвокаттармен тең дәрежеде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге рұқсат беру жөніндегі түзетулер әзірленді;
- Тәжірибелі заң консультанттары арасынан құрылған заңгерлер пулы соттан тыс реттеу, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот-сараптама қызметі туралы, мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) алуға құқығы бар адамдар тобын және МКЗК көрсету субъектілерін кеңейту және т.б. мәселелер бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралатын заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатысады.
- Заң консультанттарының біліктілігін арттырудың маңызды мәселелері жөнінде. Алқаның бастамасы бойынша тегін негізде ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында мыналар өткізілді:
- РЗКА ҚР ӘдМ Ұлттық зияткерлік меншік институты РМК-мен бірлесіп ұйымдастырған зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша заң консультанттарының біліктілігін арттыру жөніндегі 2 күндік вебинар. 200-ден астам заң консультанттары сертификат алды;
- «Адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палаталарының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша озық елдердің практикасын зерделеу» тақырыбымен 2 күндік тренинг. Тренингті ұйымдастырушы -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі. Тренингке 70-ке жуық тыңдаушы, соның ішінде заң консультанттары палаталарының, адвокаттар алқаларының, олардың басқару органдарының басшылары, сондай-ақ заң консультанттары мен адвокаттар қатысты. ЕҚЫҰ-ның сертификаттары берілді.
- Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен, «Қазақстан медиаторлары қауымдастығы» ЗТБ-мен және «Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы» ЖМ-мен бірлесіп ұйымдастырылған медиация және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі 3 күндік вебинар. 177 заң кеңесшісі сертификаттар алды.
- Биылғы жылдың соңына дейін Алқа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша вебинар өткізуді жоспарлап отыр.
- Алқаның қызметі, құрылымы туралы ақпарат қамтылатын Алқаның ресми сайты толықтырылуда. Заң консультанттары палаталары - РЗКА мүшелері үшін жеке профайлдар көзделген. Бұл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес интернет-ресурста орналастыруы міндетті болатын палата туралы ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әлі сайты жоқ палаталардың бөлек сайтын әзірлеу қажеттілігін болдырмайды және сайт әзірлеу мен сүйемелдеуге жұмсалатын қаражат үнемделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Еліміздің танымал заңгерлерінің, ғылыми қызметкерлердің, заң консультанттары палаталарының, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан «Білікті заң көмегін және сот арқылы қорғау құқығын алудың конституциялық қағидаттарын іске асыру» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.
- РЗКА басшысы, профессор, заң ғылымдарының кандидаты С.Б.Ақылбайдың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл - құқықтық жүйенің дамуы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Дөңгелек үстелге ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаттары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Үкіметтің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, елімізге белгілі заңгерлер, ғылыми қызметкерлер, Республикалық нотариаттық палатаның, Жеке сот орындаушылары палатасының, Сот сарапшылары палатасының өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
- Lawcenter мобильді қосымшасы арқылы халыққа тегін сапалы заң көмегін көрсету жөніндегі «Жыл заңгері» конкурсы жарияланды. Жүлде қоры: I орын - 400 мың тг, II - 300 мың тг, III - 200 мың тг. 150-ден астам заңгер тіркелді. «Probono үздік тағлымгері» байқауы. Жүлде қоры: 900 мың теңге. Қорытындысын шығару - 2021 жылғы желтоқсан.
- «Е-Заң көмегі» АЖ жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету, одан әрі дамыту мақсатында заң консультанттары палаталарының ұсыныстары «ҰАТ» АҚ-мен бірге пысықталды, бұл АЖ-ның қолданыстағы функционалын жақсартуға мүмкіндік берді. Алқа «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп заң консультанттарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге рұқсат беру жөніндегі алдағы заңнамалық өзгерістер шеңберінде, олардың алқаға мүшелігіне қарамастан, заң консультанттарының барлық палаталары үшін «Е-Заң көмегі» АЖ таныстырылымын өткізеді.
- Facebook әлеуметтік желісінде арнаулы бет және 400-ге жуық адамды қамтитын ақпараттық топ жасақталды, 25-тен астам жарияланым орналастырылды. Топ: https://www.facebook.com/groups/960970831350992
- Өңірлермен жұмыс. Алқа жұмысын жария ету мақсатында Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының Заң консультанттары палаталарымен көшпелі кездесулер өткізілді. Кейбір заңнамалық актілерге заң консультанттарына азаматтық және әкімшілік істер бойынша адвокаттармен тең дәрежеде МКЗК көрсетуге рұқсат беру бойынша енгізілетін түзетулердің негізгі ережелері түсіндірілді.
- Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыруға, «Әділ қоғам мен тиімді мемлекет» қалыптастыруға, мемлекет пен азаматтық қоғамның тығыз өзара іс-қимыл жасауына, құқықтық саясат пен құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру бағдарына бағыттауда. Сондықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеті жүктелген мемлекеттік органдармен қатар Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғайтын Республикалық заң консультанттары алқасы құрылды және оның негізгі мақсаты мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында бекітілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Сөйтіп ол біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының қорғалуына зор үлес қосады.
Көріп отырғанымыздай, жұмыс қарқынды жүруде, жүйелі және қажетті бола түсті. Бұл ел азаматтарына керек және аса маңызды.