Республикалық заң консультанттары алқасы ағымдағы жылдың 15 наурызында Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдинмен бірлесіп «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің нормаларын қолдану практикасы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Айбек Тимурович қатысушылардың сұрақтарына толық және жан-жақты жауап берді.
Заң консультанттары Палаталарының мүшелері өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін спикерге және Республикалық заң консультанттары алқасына алғыстарын білдірді.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/Any3/HmE2CNbpv