Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында РЗКА «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ заң департаментінің директоры және «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» заң консультанттары Палатасы төрағасының орынбасары О.Т. Әлімовпен бірлесіп, «Шығындарды және жоғалған пайданы өтеудің практикалық ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Олжас Төлегенұлы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері, залал түрлері, құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері бойынша кінәні дәлелдеу ерекшеліктері, шығын мөлшерін дәлелдеудің тиімді әдістері және т.б. кеңінен түсіндірді.
Вебинарды 200-ден астам адам тыңдады. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, спикерге сұрақтар қойды және белсенді пікір алмасты.
Вебинар аяқталғаннан кейін заң консультанттары Палаталарының мүшелері өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін спикерге және Республикалық заң консультанттары алқасына алғыстарын білдірді. 2024 жылдың басынан бастап Республикалық заң консультанттары алқасы спикерлер ретінде тәжірибелі заңгерлерді, мемлекеттік органдардың мамандарын, судьяларды, нотариустарды, жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әртүрлі тақырыптар бойынша 33 тегін вебинар өткізді, сондай-ақ біліктілікті арттыру туралы 2500-ден астам сертификат берді.
Вебинар тақырыптары РЗКА заң консультантарының сұраныстары негізінде құрылады. Осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz электрондық поштасына жіберуіңізді немесе посттың астына түсініктемелерде қалдыруыңызды сұраймыз.
Вебинар жазбасына сілетеме: https://cloud.mail.ru/public/Ausc/4d5phLZn8