Меморандумның мақсаты жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсаттарындағы ынтымақтастық болып табылады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстарды әзірлеу;
- құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
- халық арасында құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін барлық Палаталар өңірлердегі партия филиалдарымен белсенді ынтымақтастықта.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы берген тапсырмасына сәйкес азаматтарға кеңес беру жүргізілуде.