Жарияланды: 29.03.2024
Республикалық заң консультанттары алқасы "Е-Заң көмегі" Бірыңғай ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінің функционалы бойынша вебинар өткізді

Республикалық заң консультанттары алқасы ағымдағы жылдың 29 наурызында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ZanKomegi жобасының жетекшісі А.Ж. Иманбаевамен, Астана қаласы Әділет департаментінің бас маманы А.З. Утегеновамен және Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Д.М. Жалмуратовпен бірлесіп "Е-Заң көмегі" Бірыңғай ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінің функционалы бойынша вебинар өткізді.

Спикерлер ZanKomegi мобильді қосымшасының көмегімен бетпе-бет құқықтық кеңес беруді қалай көрсету керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде, вебинарға қатысушылар спикерлерге алғыс айтып, жобаны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Заң көмегі.jpg

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/vA3U/gBFktsC1C

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: