Жарияланды: 08.09.2022
Республикалық заң консультанттары алқасы басқармасының кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Республикалық заң консультанттары алқасы басқармасының кеңейтілген отырысы өтті.

Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы С.Б. Ақылбай Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам" Жолдауының негізгі ережелері бойынша баяндама жасады.

Талқылау нәтижесінде заң консультанттары палаталарының басшылары қолдау көрсетіп, келесі шешім қабылдады:

  1. ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың бастамаларын қолдауға.
  2. Президенттің Қазақстан Республикасы Президентінің және өкілді органдардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы ұсынысын мақұлдауға.
  3. Президент Жолдауының бастамаларын халық арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында және т.б. түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға.
Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: