Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Республикалық заң консультанттары алқасы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы А.К. Ахметовамен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өзгерістер енгізу және әкімшілік рәсімдердің қолданылуын талдау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Айгуль Какеновна әкімшілік рәсімдер, әкімшілік органдардың түрлері, әкімшілік актілердің нысандары, әкімшілік қарау түрлері туралы жан-жақты түсіндірді, әкімшілік рәсімнің қатысушылары мен сатыларына, әкімшілік актілердің күшін жоюдың жалпы ережелеріне, талап-арыздар мен сот шешімдерінің түрлеріне және тағы басқаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Вебинарға қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, оларға толық және жан-жақты жауап алды. Заң консультанттары палаталарының мүшелері Айгуль Какеновнаға және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін алғыстарын білдірді.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/KWKT/9rpbwCY7T