Ағымдағы жылдың 11 қазанында Республикалық заң консультанттары алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Н.Е. Аубакировпен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кассациялық соттары қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында спикер Нұрлан Ерболатұлы кассациялық соттың құрылымы мен құрамы және олардың өкілеттіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша толық және жан-жақты жауаптар ала алды.
Заң консультанттары Палаталарының мүшелері өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін спикерге және РЗКА-на алғыстарын білдірді.
Еске сала кетсек, Республикалық заң консультанттары алқасы 2024 жылдың басынан бастап спикерлер ретінде тәжірибелі заңгерлерді, мемлекеттік органдардың мамандарын, судьяларды, нотариустарды және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әртүрлі тақырыптарда 26 тегін вебинар өткізді; қазан айына дейін 1800-ден астам біліктілікті арттыру сертификаттары берілді.
Вебинарлардың тақырыптары тікелей заң консультанттарының сұраулары бойынша қалыптастырылады, осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz эл.поштасына жіберуді немесе посттың астына қалдыруыңызды сұраймыз.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/gFKn/f8JG82eBo